Жаңалықтар

Сәуір 15 , 2016
«Логистика және МІҚБ» кафедрасы 2016 ж. 14-15 сәуірінде Алматы Технологиялық Университетінде өткен «5В091200-Мейрамхана ісі және мейрамхана бизнесі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы өткен VIII Республикалық Пәндер Олимпиадасына қатысып, жүлделі 3–ші орын алған «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 3-курс студенттері – Ермек Құралай, Тілепова Торғын, Мақымғалиева Гүлнұрды құттықтайды.
Сәуір 08 , 2016
«Логистика және МІҚБ» кафедрасы 2016 ж. 8 сәуірінде Қырғызстан Республикасының Бишкек қаласында өткен V халықаралық «Практикалық маркетинг және логистика – 2016» Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып, 3 –ші орын алған «Логистика» мамандығының студенттері Ихьярова Илинурды, Нұғыманова Нурияны, Нұртаев Ерланды, Нижников Алексейді құттықтайды.
Наурыз 25 , 2016
«Экономика және қызмет көрсету» мектебі оқытушыларының Қырғызстан, Бішкек қаласында өткен «ЕАЭК шеңберіндегі Орта-Азиялық мемлекеттердің экономикасы: ақиқат, болашақ, тәуекелдер» халықаралық жас ғалымдар конференциясына қатысуы.
Наурыз 25 , 2016
2016 жылдың 24 наурызында «Логистика және МІҚБ» кафедрасының аға оқытушысы Динара Қалдыбекқызы Өмірзақованың Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Маркетинг, коммерция және логистика» кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған «Сатып алулар логистикасындағы тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Наурыз 14 , 2016
«Экономический поезд дальнего следования» тақырыбында «Ең үздік баяндама» дипломына ие болды
Наурыз 12 , 2016
2016 ж. 12 наурыз күні «Жабдықтау логистикасы» пәнінен «Жабдықтауды басқарудағы логистикалық шешімдер» тақырыбы бойынша аға оқытушы Өмірзақова Динара Қалдыбекқызының бинарлық дәрісі өтті.
Наурыз 02 , 2016
«Логистика және МІҚБ» кафедрасы 2016 жылдың 02 наурызында сағат 11.00-ден 15.00 аралығында «МІҚБ» мамандығының 3 курс студенттерімен «Кейтеринг күнін» өткізді. Конкурстың мақсаты «Стартап» пәнінің аясында кейтерингті ұйымдастыру бойынша іскерлік біліктілікті дамыту және бекіту болып табылды.
Наурыз 02 , 2016
Алматы Менеджмент Университеті студенттерді «Болашақ логистикасы» I Халықаралық Студенттік Олимпиадасына қатысуға шақырады. Өткізілетін күні - 28 сәуір 2016 жыл.
Ақпан 24 , 2016
Тақырып: «Өндірістік теориясы. Қазақстан Республикасындағы еңбек өнімділігі мен еңбекті нормалау»
Қаңтар 24 , 2016
2016 жылдың 24 қаңтарында "МІҚБ" мамандығының 1-2 курс студенттері "Алматы-Медеу-Комиссаров асуы - көрініс алқабына шығу- Медеуге түсу-Алматы" бағыты бойынша туристік жорыққа шықты. Жорыққа эдвайзер Т.П. Кастальская бастаған 17 студент қатысты.