Жаңалықтар

Наурыз, 14

Омиров Хазрет пен Бурамбаев Мурат Мәскеудегі «Шанхай Жастар Апталығының» ең үздік баяндамашылары атанды

Ағымдағы жылдың 3-5 наурыз аралығында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде «Шанхай Жастар Апталығы» шеңберінде ғылыми шаралар сериясы өтті.

Жоба Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан сияқты ШЫҰ мүше және бақылаушы елдер студенттері мен аспиранттарының қатысуымен өткен ғылыми, мәдени және спорт шараларын қосты.

«Экономика және Сервис» Мектебі, «Экономика» мамандығы 3 курс студенттері – Омиров Хазрет пен Бурамбаев Мурат іріктеу конкурсынан өтіп, ММУ эксперттік комиссиясы, ШЫҰ өкілдері мен әлем студенттері алдында Алматы Менеджмент Университетін мәртебелі қорғады.

Біздің студенттер үлкен аудитория алдында «Экономист» деген атты лайықты қорғап, «Экономический поезд дальнего следования» тақырыбында «Ең үздік баяндама» дипломына ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., доцент Тайкулакова Гульнара Сериковна.

Бөліс: