Жаңалықтар

Наурыз, 25

«Экономика және қызмет көрсету» мектебі оқытушылары Қырғызстанда өткен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысты

М.Рыскулбеков атындағы Қырғыз Экономикалық Университетінде  2016 ж. 24 наурызында «ЕАЭК шеңберіндегі Орта-Азиялық мемлекеттердің экономикасы: ақиқат, болашақ, тәуекелдер» атты халықаралық жас ғалымдар конференциясы өтті.

Конференцияда «Экономика және қызмет көрсету» мектебі оқытушылары э.ғ.к., доцент Досалиев Б.А. және аға оқытушы Өмірзақова Д.К. қатысты.

Конференция барысында олар пленарлық және секциялық отырысқа «Қазақстан Республикасы мен Орта-Азиялық мемлекеттердің ЕАЭК-ғы ролі мен орны» және «Материалды ағындарды басқарудағы логистикалық шешімдер» тақырыптарыдағы мақалаларымен қатысты. 

Конференцияға Қырғыз Республикасының жас ғалымдары, қоғам және саясат қайраткерлері, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдердің академиялық және ЖОО қауымдастықтарының  өкілдері қатысты. 

 

Бөліс: