Жаңалықтар

Наурыз, 25

«Логистика және МІҚБ» кафедрасының аға оқытушысы Д.К. Өмірзақованың Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетіндегі қонақ дәрісі

2016 жылдың 24 наурызында «Логистика және МІҚБ» кафедрасының аға оқытушысы Динара Қалдыбекқызы Өмірзақованың Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Маркетинг, коммерция және логистика» кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған «Сатып алулар логистикасындағы тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбындағы  қонақ дәрісі өтті. 

Қырғыз ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары қонақ дәрісіне қызығушылықпен қатысып, дәріскерге сұрақ қойып,  Орта-Азиялық мемлекеттерінің ЕАЭК-ғы логистиканың дамуы туралы мәселелерді  өзара талқылап, сабаққа белсенді қатысты. 

Факультет деканы э.ғ.д., профессор Издевалды Искаков және «Маркетинг, коммерция және логистика» кафедрасының меңгерушісі доцент Мээрим Керимкулова «Алматы Менеджмент Университеті» аға оқытушысы Д.Қ.Өмірзақованы университеттер арасындағы әріптестік бағдарламасы барысында келіп қонақтық дәріс өткізгені үшін алғысын білдірді.

Бөліс: